Ø 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- ХІХ ғасырдың 20-жылдарына қарай Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірінің бір жағында билік еткен: Қоқан бектері.
- ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызған: Хиуа хандығы.
- Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске себепші болған: Патша үкіметінің Жаңа Елек өзені бойында әскери шеп тұрғыза бастауы.
- Патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылық білдіріп қырық мың шаңырақ жақтастарымен Көкшетау бойынан Қоқан хандығының шекарасына қарай көшіп кеткен: Қасым төре.
- Кенесары Қасымұлының өмір сүрген жылдары: 1802-1847
- Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен: әкесі Қасым төре.
- Кенесары Қасымұлының атасы: Абылай хан.
- Кенесары туған ағасы Саржанның көтерілісіне қатынасты: 1824 жылдан бастап.
- Қоқандықтардың қолынан зұлымдықпен қаза тапқан Қасым сұлтанның ұлы: Саржан.
- Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген: 1836 жылы Қоқан ханы.
- Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар: 1837-1847 жылдар.
- Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс созылды: 10 жылға.
- Кенесары Қасымұылының көтерілісі қамтыды: Бүкіл Қазақстанды. (Үш жүзді).
- Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші: Қазақ шаруалары.
- Патша үкіметінің сот-жазалау мекемелерінің жинаған мәліметтеріне қарағанда, К.Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан сұлтан, би, старшындардың саны: 80-нен астам.
v Көтерілісшілердің саны кейбір жағдайдажетті: жиырма мыңға дейін жетті.
- Сұлтан Кенесары басқарған көтеріліске 80 сұлтан мен байлар қатысқан аймақтар мен аудандар: Құсмұрын, Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Ақмола.
- Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің негізгі мақсаты: Ресей империясының қазақ жерін отарлауды тежеу және округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
- Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған Амангелді Имановтың атасы: Иман батыр.
- Кенесары әскерінің жеке отрядтарын басқарған батырлар: Ағыбай, Бұхарбай, Бұғыбай, Аңғал, Жеке, Байсейіт.
R Кенесары Қасымұлының сенімді серігі, інісі, көтеріліске қатысушылардың бірі: Наурызбай батыр.
- Кенесары Қасымұлы көтерілісі кезіндегі Ресей императоры: І Николай.
- Кенесары патша үкіметіне алғаш рет қарулы қарсылық білдірді: 1837 жылы қараша айында Петропавлдан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі казактарының тобына шабуыл жасады.
- 1838 жылы мамыр айында Кенесары сарбаздары: Ақмола бекінісін басып алып өртеп жіберді.
- Кенесары көтерілісі Кіші жүзге тарады: 1838 жылы.
- 1838 жылы Кенесары көтерілісіне өз жақтастарымен келіп қосылған Кіші жүздің белді биі, батыр: Жоламан Тіленшіұлы.
- 1841 жылы Ташкентке аттанған Кенесары жорығының жүзеге аспау себебі: Сарбаздар арасында жұқпалы аурудың тарауы.
- 1841 жылы Кенесары көтерілісшілері басып алған қоқан әскерлері орналасқан бекіністер: Жаңақорған, Созақ, Ақмешіт және Жүлек.
- Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған: Қоқан ханы.
- 1843 жылы І Николай патша келісім беріп, Кенесары көтерілісін жаншуға жіберді: Старшина Лебедев басқарған отрядті.
- 1844 жылы шілде айының 20-сынан 21-іне қараған түнде болған Кенесары отрядымен шайқаста Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан сұлтандар саны: 44.
- Патша үкіметінің старшина Лебедевті Орынборда қызметінен алып, сотқа беру себебі: Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін.
- Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр еткен жағдай: 1844 жылғы күрес нәтижелері көтерілісшілердің рухын көтерді, Кенесары туы астына жаңа қазақ ауылдарының тездеп шоғырлануы.
- 1838 жылы желтоқсан айында Ақбұлақ округтік приказы төңірегінде Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковқа және І Николай патшаға арналған хаттарды тапсыруға жіберген Кенесарының бес өкілі: тұтқынға алынып, жазаға тартылды.
- 1844 жылдың аяғында Кенесарымен келіссөз жүргізген Орынбор шекаралық комиссияның өкілі би: Баймұханбет Жаманшин.
- 1845 жылы Кенесарының ауылына келген патша елшілері: Долгов, Герн елшілігі.
- Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі: Екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмады.
- Кенесарыны Орта жүздің аумағынан ығыстыру үшін патша үкіметі: Ұлытау, Ырғыз және Торғай бойында бекіністер тұрғызды.
- Кенесары көтерілісі кезінде: Қытайдан көмек сұрау мәселесі талқыланды.
- 1845 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды: Ұлы жүзге.
- Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге бет алуының себебі: Қоқан езгісіндегі қазақ руларын көмек көрсетіп, өзіне тірек жасау.
- Кенесарының жер ауыстыруына байланысты құрылған одақ: Қоқан мен Бұқара.
- Кенесарының жағдайын қиындатқан: Бұхар мен Қоқан хандықтарының бірігіп күресу келісімі.
- Кенесарыны және оның Қоқан бектеріне қарсы күресін барынша қолдаған батырлар: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы.
- Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға: Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы.
- Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі: Қоқандықтарға қарсы бірігіп күресу ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы.
- Кенесары көтерілісінің отаршылдық езгіге қарсы бастапқы сипатын өзгерткен: Қырғыз жеріне басып кіруі.
- Кенесарының қырғыздардың қолынан қаза тапты: 1847 жылы Майтөбе.
- Кенесары хандық билікті қолына алды: 1841 жылы.
- Кенесары құрған хандық сипаты жағынан: феодалдық мемлекет.
- Кенесары құрған хандық кеңестің Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі: Билік ханның өз қолында болды.
- Хандық билікті қолға алған Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді: Хандық сотты.
- Опасыздық жасағандарға қолданылған жаза: Өлім жазасы.
- Кенесары Қасымұлының шаруашылық саласында көңіл бөлді: Егіншілікке.
Ø 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
- Ішкі Орда хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі: Патша үкіметінің саясатын қолдау мақсатында.
- Бөкей Ордасы құрылған жыл: 1801 жыл.
- Бөкей Ордасының территориясы: Еділ мен Жайық аралығы.
- ХІХ ғасырдағы Кіші жүздің алып жатқан территориясы: 850000 мың шақырым.
- 1801 жылы 11 наурызда Жайық пен Еділ өзенінің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп-қонуына рұқсат берген император: І Павел.
- Патша үкіметінің Кіші жүз руларыныдағы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдеткен шешімі: Жайық пен Еділ арасында қайта қоныстануға рұқсат беруі.
- Бөкей Ордасының патша үкіметінің қаржысына хан сарайын салған жер: Жасқұс.
- Бөкей ордасында «Хандық кеңес» ұйымдастырылды: 1827 жылы.
- Бөкей Ордасында 1827 жылы ұйымдастырылған «Хандық кеңестің» құрамына кірген билер саны: 12 би.
- 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне түрткі болған жағдай: 1833 жылы Жәңгір хан қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий өңіріне билеуші етіп тағайындауы.
- Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі болды: 1836-1838 жылдары.
- Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі болған кезең: ХІХ ғасырдың І жартысында.
- Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс созылды: екі жылға.
- 1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтеріліс: Үш кезеңге бөлінді.
- 1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші: Қазақ шаруалары.
- 1836 жылы Исатай Тайманұлының серіктері: Тінәлі Тайсойғанұлы, Ұса Төлегенұлы (Сарт Еділұлы, Иманбай Қандыбайұлы).
- Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді: Махамбеттің өлеңдерінде.
- Бөкей хан Исатай Тайманұлын беріш руының; Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындады: 1812 жылы.
v 1814 жылы Орынбор Шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті.
- Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы старшын болған ру: Беріш.
- Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша Исатайдың жала жабылып сотқа тартылған жылдары: 1817-1823 жылдар.
- Жәңгір хан Қарауылқожаға көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды: 1836 жылы 17 наурыз.
- 1837 жылғы қазан айының 15-інде Исатай мен Махамбеттің қолы Теректіқұм деген жерде ауылын ойрандаған Жәңгірдің сыбайласы: Балқы Құдайбергенұлы.
- 1837 жылы қазан айының аяғында ханның резиденциясын қоршаған Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер саны: Екі мың;.
- Исатай бастаған көтерілісшілердің жалпы саны екі мыңға жеткен уақыт: 1837 жылы қазан.
- Исатайдың подполковник Геке мен Жәңгірдің біріккен әскерімен Тастөбе түбіндегі қанды шайқасы болды: 1837 жылы қараша.
v 700 казак әскерінен, 400-ден астам хан-сұлтан жасақтарынан құралған жазалаушылар тобы Исатай бастаған 3 мыңнан астам көтерілісшілерге қарсы тұрды.
- 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы көтерілістің кейінгі барысына әсер еткен оқиға: Исатайлың Тастөбе түбіндегі жеңілісі.
v Көтерілісшілер қатары азайып, Исатайдың төңірегінде оңдаған өзіне берілген серіктері қалды. Гекенің жазалаушы топтарының қуғындауынан титықтаған қазақ шаруалары өз руларына тарап кетті.
- Патша үкіметінің Исатайды тірідей ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом.
v Батырдың басын алғанға 500 сом тігілсе де, Ордада бірде-бір қазақ губернатордың ұсынысын қабылдамады.
- Исатай Тайманұлы Жаманқала бекінісіне жақын жерде жазалаушылардың тобын тобын бұзып, Жайықтан шығысқа қарай өтіп үлгерді: 1837 жылғы 13 желтоқсанда.
- Патша үкіметінің Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездеткен жағдай: Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы.
v Кіші жүздің батысында Хиуа ханымен байланыста болған Қайыпқали Есімұлы көтерілісінің етек алуы.
- Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің жеңілген жер: Ақбұлақ;.
- Исатай Тайманұлы қаза тапты: 1838 жылғы 12 шілдеде.
v 1838 жылы Ақбұлақ деген жерде шайқаста казактар қылышпен шауып, атып өлтірді: Исатайды.
- 1836-1838 жылдардағы көтеріліс кезінде көтерілісшілерден тартып алынған мал: Гекенің нұсқауымен Жәңгірге жақын феодалдар арасында таратылды.
- Махамбет Өтемісұлы өлтірілді: 1846 жылы.
- 1836-1838 жылдардағы Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару тапсырылды: Гекеге.
- 1836-1838 жылдардағы көтеріліс басшыларына И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына жаңашырлық білдірген орыс жазушысы: В.И.Даль.
- Исатай көтерілісінен кейін Ішкі Ордададағы 1842 жылғы шаруалар көтерілісін басқарды: Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы.
- 1842 жылғы Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы бастаған көтерілістің негізгі сипаты: Антифеодалдық;.
- Сотник Бородин және Ішкі Орда сұлтандары Аббас пен Лаубайды тұтқынға алып, Орал қаласында әскери сотқа берді: 1844 жылы наурызда.
- Бөкей Ордасындағы 1842-1844 жылдарындағы көтерілістің басшыларының бірі Лаубай Мантайұлы түрмеде қайтыс болды: 1847 жылы.
v Аббас Қошайұлы сот үкімімен Лифляндия инженер корпусының қарамағына қара жұмысқа айдалды.
ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының;