Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

КІРІСПЕ





 

Тел. для довідок 063-755-07-77, 067-327-17-44

Місце проведення: м. Переяслав – Хмельницький, вул. Літописна 24-а «Стара Гребля»

 

Жылжымайтын мүлікті бағалау кезінде обьектінің толық қайта қалпына келтіру құнын анықтау

 

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы зақымдалған жылжымайтын мүлікті бағалауды тәжірибе жүзінде көрсету, қазіргі таңдағы бағалау қызметіндегі түйінді мәселелерді талдап, жетілдіру жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі:Қазіргі кездегі жылжымайтын мүліктің құнын объективті және шынайы түрде бағалау қажеттілігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, өйткені елдегі бағалау институты толық қалыптаспаған, бағалаудың ақпараттық базасы құрылмаған, ал қазақстандық бағалаушылардың кәсіби дайындығы болса әлемдік деңгейге әлі де болса жете қойған жоқ.

Нарықтық экономиканың элементтерінің арасында жылжымайтын мүлік ерекше орын алады. Ол өндіріс құралдары ретінде де (жер, әкімшілік, өндірістік, қоймалық, саудалық және басқа да ғимараттар мен құрылғылар), тұтыну заты, объектісі ретінде де (жер телімдері, тұрғын үйлер, саяжайлар, пәтерлер,) көрініс алады.

Ал қандай құрылыстарды жылжымайтын мүліктің объектілеріне жатқызу керектігі туралы мәселе әлі ашық болып келеді, себебі жылжымайтын мүліктің объектілеріне жататын құрылыстардың заңды расталған тізімі жоқ. Тәжірибеде бұл оларға жатпайтын құрылыстарды жылжымайтын мүлік ретінде мемлекеттік тіркеуіне немесе құқықтық қате болатын тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 117-бабында көрсетілгендей «Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер телімдерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады. Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, "өзен-теңiз" жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.

Кәсіпкерлікті іске асыратын кәсіпорын да жылжымайтын мүлікке тұтас мүліктік кешен ретінде жатқызылады. Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер телімiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi.

Сондықтан ең алдымен заттарды жылжымайтын және жылжымалы деп бөлу мәселесін анықтап алу керек. Бастауын римдік құқықтық заңдардан алатын заттарды жылжымалы және жылжымайтын деп бөлу азаматтық құқықтардың табиғи қасиеттеріне негізделеді. Әдетте жылжымайтын заттар тұрақты түрде бір орыннан қозғалмайды, өзіне тән индивидуалды белгілерге ие болып, ауыстырыла алмайды. Жылжымайтын мүлік объектілерінің көбісіне тән сипатты белгісі – жермен үзіліссіз байланысы.

Жылжымайтын мүлік ұзақ уақыт, мысалы, ондаған жылдар, ғасырлар бойы пайдалануға арналған, сондықтан оны дұрыс жағдайда сақтау үшін ірі шығындар қажет және иеленушінің ауысуы, мүліктің құрамы мен мақсатының өзгеруін тіркеп бақылап отыру үшін бірыңғай құжатта есепке алу қажеттілігі зор.

Жылжымайтын мүлік мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік-мәдени өмірінде, кез келген қызмет саласында маңызды экономикалық ресурс ретінде ерекше рөл атқарады. Жылжымайтын мүлік объектілері – бұл адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын маңызды тауар ғана емес, ол қазір табыс әкелетін капитал да болып отыр.

Еліміздің нарықтық экономикаға көшуі көптеген жаңа ғылыми және тәжірибелік салаларды, оның ішінде жылжымайтын мүлік құнын бағалауды тереңірек зерттеуді талап етуде.

Экономикалық субъектілер тәжірибесінде жылжымайтын мүліктің нарықтық немесе өзге құнын анықтау қажеттілігі күннен күнге артып келеді. Себебі, мүлік құнын бағалаусыз бірде-бір мүлікті сату-сатып алу, кепілге несилендіру, сақтандыру, мүліктік дауларды шешу, салық салу операциялары жүргізілмейді.

Дамыған елдерде жылжымайтын мүлік – ұлттық байлықтың ең негізгі бөлігі, бұл әлемдік байлықтың жартысынан астамын құрайды. Жылжымайтын мүлік нарығынсыз жалпы нарық болмас еді, себебі еңбек нарығы, қаржы нарығы, тауарлар мен қызметтер нарығы және т.б. өз әрекеттерімен айналысу үшін міндетті түрде жылжымайтын мүлік объектілері болуы керек.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 628. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия