ШІНШІ БАП
Суласий мужаррадтың үшінші бабында өткен және осы-келер шақтарындағы етістіктерінде екінші түбір әріп фатхалы болады - فَعَلَ يَفْعَلُ. Бұл баптың масдарларының 10 қалыбы бар:
Бұл бапта музариъ етістігіндегі екінші түбір әріптің фатхасы кәсрадан өзгертіліп жасалған. Бұл баптағы етістіктердің екінші және үшінші әріптері хуруфи халк (көмей әріптері) болғандықтан, музариъ етістігінде көмей дыбыстарын кәсрадан кейін айту өте қиын. Сондықтан музариъ етістігінде кәсра фатхаға өзгертілген. Көмей дыбыстары алтау: ء ه ح خ ع غ. Бабының сахихы مَنَعَ يَمْنَعُ масдары مَنْعٌ кедергі жасау.
Мисал وَضَعَ يَضَعُ масдары وَضَعٌ қою, салу.
يَضَعُ негізінде يَوْضَعُ. (و) музариат әрпі мен ойдағы (такдирий) кәсраның арасында келген. (و) түсіріледі: يَضَعُ. مِيْضَاعٌ негізінде مِوْضَاعٌ. Эълалы مِيثَابٌ эълалына ұқсас. Нақис: رَعَى يَرْعَى масдары رِعَايَةٌ бақылау, көрсету (мысалы, құрмет көрсету).
رَعَى يَرْعَى негізінде رَعَىَ يَرْعَىُ. (ـيـ) әрпінің харакаты бар, оның алдында фатха келген, (ـيـ) әрпін алифке ауыстырамыз: رَعَى يَرْعَى. رَعَى жіктелуі رَمَى жіктелуіне ұқсас. Музариъ шағының жіктелуі: يَرْعَى يَرعَيَانِ يَرْعَوْنَ تَرْعَى تَرْعَيَانِ يَرْعَيْنَ تَرْعَى تَرْعَيَانِ تَرْعَوْنَ تَرْعَيْنَ تَرْعَيَانِ تَرْعَيْنَ أَرْعَى نَرْعَى. Үшінші түбір әріп ғайибийн, мухатабийн, мухатаба жіктелулерінде түсірілген. барлық сөзжасамдарының мысалдары жоғарыда айтылды. Үшінші бапта музаъаф, ажваф, лафиф, мултавий болмайды.
|