Дәрістер. Талдаудың жағдайлары мен бағытын анықтау мақсатымен комплекстүзуші процесстрді талдау.
Орта лигандтық санының Сонымен қатар, комплекс түзілу дәрежесін комплекске байланыспаған металл мөлшерін жалпы мөлшерге қатынасы арқылы табуға болады. Комплекс түзілу дәрежесі – ол комплекстің мольдік үлесі: 24-суретте никельдің аммиакты комплекстері мольдік үлестерінің p[L]-ден есептелген тәуелділік қисықтары және салыстыру үшін комплекс түзілу қисықтары Никельдің амиакты комплекстерінде 1-ден 6-ға дейін аммиак молекулалары болады: [Ni(NH3)]2+ b1 = 5,6.102 [Ni(NH3)2]2+ b2 = 8,9.104 [Ni(NH3)3]2+ b3 = 4,3.106 [Ni(NH3)4]2+ b4 = 6,2.107 [Ni(NH3)5]2+ b5 = 3,2.108 [Ni(NH3)6]2+ b6 = 3,09.108 Алты лигандты комплекстің түзілу дәрежесі, 24-сурете көрсетілгендей, аммиак мөлшері көп болғанда (100%) ең жоғары мәнге ие, басқа комплекстердің түзілу дәрежесі p[L] мәні 0,5-тен 0,3-ке дейін, ол аммиактың мөлшері едәуір төмен болғанда 30-дан 50% -ға дейін болады. a-p[L] және
24-сурет. Никельдің аммиакты комплекстерінің түзілу дәрежесі лиганд концентрациясының көрсеткішінен тәуелділік қисықтары
25-сурет. Никельдің аммиакты комплекстері түзілу функциясының аммиак концентрациясының көрсеткішінен тәуелділік қисықтары
Лигандтың протондануы комплекстүзілу дәрежесіне айтарлықтай әсер етеді, әсіресе лиганд мөлшері көп болып, көплигандты комплекс түзілгенде (26-сурет). Бұл жағдай алюминийдің фторидті комплекстері түзілуі мысалында көрсетілген: [AlF]2+ b1 = 1,26.107 [AlF2]+ b2 = 9,54.1011 [AlF3] b3 = 6,76.1015 [AlF4]- b4 = 3,39.1018 [AlF5]2- b5 = 1,58.1020 [AlF6]3- b6 = 4,79.1020
26-сурет. p[F-]-дан комплекс түзілу дәрежесінің тәуелділік қисықтары а – лиганд протондалуын ескерусіз комплекс түзілу дәрежесін есептеу; б – рН = 1 мәнінде лиганд протондалуын ескере отырып комплекс түзілу дәрежесін есептеу. [AlF6]3- комплекстерінің түзілу дәрежесі қышқыл ортада фторид-иондарының протондалуынан 70%-дан 43%-ға дейін төмендейді.
|