Студопедия — Global Home Service» Жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Global Home Service» Жаупкершілігі шектеулі серіктестігі






 

1.1 «Global Home Service» ЖШС-нің құрылу тарихы

 

10.10.2008 жылы Алматы қаласының Әділет Департаментінде тіркелген.Әр түрлі қатысушылардың салымдарының негізінде құрылды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заннамасының негізінде әрекет етеді. GHS ЖШС орта кәсіпкерліктің субьектісі болып табылады.

«Global Home Service» құру себебі ҚУАТ құрылыс компаниясының сұранысы бойынша ашылды және текқана КУАТ-тың үйлеріне қызмет атқарады.

Серіктестіктің ресми атауы:

Қазақ тілінде – «Global Home Service» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;Орыс тілінде – Товарищество с ограниченной ответственностью «Global Home Service».

Серіктестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Масанчи көшесі, үй 98 «В»

Меншіктін түрі- жеке меншік.

ЖШС-ның директоры: Ким Л.А

Директор

Директордың орынбасары Бас Бухгалтер ЭТУ басшысы

Сантехникалық участіктін Құрылыстық жөндеу учас Зангер

бастығы

Қамтамасыз ету бөлімінін менеджері

Д,О Диспечер Бас қадағалаушы

Бас бух – бухгалтердин көмекшісі, кезектегі экономист

ЭТУ басшысы – зам ЭТУ 20 адам

РСУ басшысы – 10 адам, 20 адам

Қазіргі кезде ЖШС 5 обьектіге қызмет көрсетеді.

Олар: Масанчи, Достық, Солодовникова, Гоголья – Панфилова, Гоголья- Барипбаева, Прокофьева.

Әр обьектіде Күзет, Сантехниктер, Электриктер, Еден жуушы, Аула сыпырушы, Құрылысшылар 24 сағат бойы қызмет атқарады. GHS жақында тағыда 2 обьектіге қызмет көрсетеді. ЖШС жыл сайын озінің қызмет көрсетуін жанартып отырады.

Әр уақытта тұрғындармен байланыста. Республикалық мейрамдарда арнайы шаралар, кішігірім концерттер ұйымдастырады.

«Global Home Service» ЖШС-де жеке кәсіпкерлігінде де активтер мен капитал, міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін оқып үйрендім.

Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар шағыс бизнес субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықты білікті серікті таңдауға қол жеткізді, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады.

Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы -шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 2005 жылдың қолданысқа енгізіліуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.

Есеп тіркемелеріне шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік кызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алтындығын тэжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет.

Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әртүрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп айтарлықтай кеңейеді.

 

1.2 Кәсіпорынның мақсаттары және атқаратын қызметі

 

Серіктестіктін қызмет ету мерзімі шектелмеген

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты таза табыс алу болып табылады

Қызметінің негізгі мақсаттары:

-Тұрғын үй пайдалану қызметі

- Құрылыстық жөндеу жұмыстарын іске асыру

- Үй ішіндегі инженерлік желілерлік техникалық қызмет көрсету

-Аймақты жинастыру, жасылдандыру және көркемдету іс шараларды жүргізу

-Егістерді отырғызу және жемісін жинау

-Халққа тұрмыстық қызметкөрсету саласындағы қызметтер

-Халық тұтынатын тауарларды өндіру

-Жарнамалық ақпарат қызметі

-Өндірістік қалдықтарды және туынды шикізаттарды қайта өндеу және дайындау

-Көтерме бөлшекті және комиссиялық сауданы ұйымдастыру

-Сыртқы экономикалық қызмет,сонның ішінде тауарлардың импорты және экспорты

-Қонақ үй, дүкен, мейрамхана, бар, кафе ұйымдастыру

- Қазақстан Республикасының зандарына қайшы келмейтін қызметтер

Серіктестіктің қызметін қамтасыз ету үшін Қатысушының салымының есебінең 120 000 тенге көлемінде Жарғылық қор құрылады

Серіктестіктін жаррғылық қорына салынған салым ретінде ақша,құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар және өзге мүлік бола алады

 

 

2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі, аудиті, талдауының құрылу негізі

 

2.1 «Global Home Service»ЖШС-нің бухгалтерлік құжаттары мен оларды жіктеу

 

Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартарының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.

Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезесінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады.

Құжаттардың мазмұны мен формалары әртүрлі болып келеді. Бұл кәсіпорында жүргізілетін операциялардың да сипаты әр түрлі болатындығымен байланысты. Бірақ та, әрбір құжат шаруашылық операциясын сипаттайтын және жүргізілген операцияны растайтын белгілі бір көрсеткіштер жиынын қамтуы қажет. Мұндай көрсеткіштер құжаттарда реквизиттер деп аталады. Міндетті реквизиттерге мыналар жатады: құжаттың аты, толтырылған күні, шаруашылық операциясының мазмұны және оның негізі, есептік өлшегіштер, операцияны жүргізуге қажетті тұлғалардың қолы.

Құжаттар олардың заң күшін қамтамасыз ететін барлық реквизиттреі көрсетіле отырып толтырылуы керек. Құжаттар шаруашылық операцияның жүргізілу сәтінде, яғни дер мезгілінде толтырылуы қажет.

Алғашқы құжаттар шаруашылық операция, іс-әрекет жасалған мезетте топтастырылады. Алғашқы құжаттарды толтырған және қол қойған адамдар ондағы мәліметтердің нақтылығы мен құжатгардың сапалы құрастырылуына жауап береді. Құжаттардағы барлық көрсеткіштер толық толтырылып, бос бағаналар мен жолдар сызылып тасталады. Алғашқы құжаттардың типографиялық тәсілмен шығарылған арнайы формалары болмаған жағдайда міндетті түрде келесі реквизиттер болуы керек:

- құжат аты;

- форма коды;

- құжат толтырылған дата;

- құжат тиесілі кәсіпорын оты;

- шаруашылық операция мазмұны;

- шаруашылық операция өлшемдері (мөлшері, сомасы),

- шаруашылық операцияны жасауға жауапты тұлғалардың аты-жөні,

қызметі, қолдары.

Қажет болған жағдайда қосымша реквизиттер де егізілуі мүмкін.

Орындалған есептік құжаттар архивте сақталады. Алғашқы құжаттардың сақталуы бухгалтерлік есепті дұрыс құруда маңызды роль атқарады. Есептік құжаттарды сақтау нормативті актілермен бекітілген уақыттар ағымында жүргізіліп, кез-келген уақытта кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау үшін немесе мемлекеттік органдар мен аудиторлық фирмалар талап еткен кезже мәліметтер алуға мүкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп көптеген регистрлерде жүргізіледі. Есептік ақпарат үшін әр түрлі кітаптар, карточкалар, журнал ордерлер, тізімдемелер және жеке беттер бірізділікпен қолданылады. Осының өзі бухгалтерлік есептің әр түрлі формаларының қалыптасуын талап етеді.

Бухгалтерлік есеп формасының бірін екіншісінен ажырататын белгілер төменде көрсетілген:

- қолданылатын регистрлардың саны, олардың бағыты мен мазмұны және сыртқы түрі;

- синтетикалық және талдамалық есептің хронологиялық жүйелік регистрларының өзара байланысы;

- есеп регистрларына жазбаларды түсіру тәсілдері мен бірізділігі;

- бухгалтерлік есепте автоматтандыру құралдарын пайдалану деңгейі.

Бухгалтерлік есеп немесе есеп жүргізудің үлгі регистрлерін құру, бұларды талапқа сай ыңғайға келтіру мақсатында қолданылып жүрген келесідей формалары бар:мемориалды-ордерлі, журнал-ордерлі, қысқартылған есеп формасы.

Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.

 

2.2Ақша қаражаттарының есебі мен аудитін ұйымдастыру

 

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамаен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіліп отырады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;

- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;

- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредетивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. «Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы» деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

 

2012-2014 жылдардағы «Global Home Service» ЖШС баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.

 

  № Актив 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж.
Мың тг % Мың тг % Мың тг %
  Ұзақ мерзімді активтер 403 588 55,2 471 783 50,5 647 399 52,6
  Материалдық емес активтер 10 967 1,5 17 750 1,9 17 231 1,4
  Негізгі құралдар 220 073 30,1 310 536 33,24 380 316 30,9
  Ұзақ мерзімді қарж. инвеститц. 32 901 4,5 45 964 4,92 101 541 8,25
  Басқа да ұзақмерзімді активтер 97 241 13,3 113 881 12,19 167 388 13,6
  Ағымдығы активтер 326 819 44,7 452 259 48,41 579 705 47,1
  ТМҚ 53 592 7,33 47 459 5,08 76 310 6,2
  Қысқа мерзімді дебиторлық берешек 32 596 4,3 27 092 2,9 50 463 4,1
  Ақша қаражаттары 100 897 13,8 118 646 12,7 166 157 13,5
  Басқа қысқа мерзімді активтер 183 296 25,07 263 077 28,16 275 083 22,35
  Баланс 365 569       615 398  
Дерек көзі: «Global Home Service» ЖШС 2012-2014 жылдардағы қаржылық есептілігі

 

Кестеде көрсетілгендей, ұзақ мерзімді активтердің жалпы активтердегі үлесі 2012 жылы 53,8% немесе 6 017 599 мың теңгені құрады. 2013 жылы олардың үлесі 51,59%-ға дейін төмендеді. 2014 жылы компанияның негізгі құралдарды сатып алуға байланысты берілген активтердің үлесі 54,19%-ға дейін өсті және 12 275 489 мың теңгені құрады. Ұзақ мерзімді активтердің құрылымына келсек, олардың негізгі бөлігін негізгі құралдар алады. Олардың активтердегі үлес салмағы 2012 жылы 31,02%, ал сомасы 3 491 050 мың теңгені құрады, 2013 жылы олардың үлесі 33,24%-ға дейін жоғарылады және мөлшері 5 936 091 мың теңге болды. 2014 жылы 2013 жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда негізгі құралдардың үлес салмағы 33,32%-ға дейін, ал мөлшері 7 546 939 мың теңгеге дейін өсті. Жалпы негізгі құралдардың өзгеру динамикасы оң, талданған кезеңде олардың абсолютті сомасы және активтердің құрамындағы үлесінің өсу тенденциясы байқалды.

Ұзақ мерзімді активтердің құрылымындағы инвестициялардың өзгеруі де оң, талданған уақыт аралығында олардың сомасы да, активтердегі үлесі де жоғарылады. 2012 жылы инвестициялар активтердің 4,54% құрады, 2013 жылы бұл үлес 4,92%-ға дейін, 2012 жылы 7,66%-ға дейін өсті. Материалдық емес активтердің жиынтық активтердің құрамында аз үлесті алады, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда берілген актив түрінің сомасы 139 229 мың теңгеден 221 188 мың теңгеге дейін өссе де, үлесі өзгермеді, 1,24% мөлшерінде сақталды. Ұзақ мерзімді активтер құрамындағы басқа да активтердің үлесі ғана азайды. 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы басқа да активтердің сомасы 1 876 338 мың теңгеден 2 177 473 мың теңгеге дейін, ал 2014 жылы 2677465 мың теңегеге дейін өсті, алайда бұл активтердің үлесі 2013 жылы ол 16,67% болса, 2013 жылы 12,19%-ға дейін, ал 2014 жылы 11,82%-ға дейін төмендеді.

Егер 2013 жылы ұзақ мерзімді активтер мен қысқа мерзімді активтерінің қатынасы 53,48: 46,52 болса, онда 2013 жылы бұл қатынас 54,19: 45,81 болды.

Ұйымның қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: талданып отырған уақыт аралығында олар тең дәрежеде өзгерген жоқ. Олардың материалдық бөлігі 2012 жылы 701 767 мың теңгеден 2013 жылы 907 13 мың теңгеге, ал 2014 жылы 1 131 738 мың теңгеге дейін ұлғайды.

 

 

2.3 Кәсіпорынның табыстар мен шығыстар

 

Табыстар –бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар – бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда, тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда, шығындар – бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.

Пайда- бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.

Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.

Тану – кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі: анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.

Табыс- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.

Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға: дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 223. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия