Студопедия — Стратегия
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Стратегия






Фирма үшін жоспарлау қызметінің жоғарғы сатысы болып табылады, ол тәртіпті нығайту, өнім өткізу және пайданы молайту жолы.

Жоспарлау екі бөліктен құралады – стратегиялық жоспарлау және маркетингтік жоспарлау.

Бақылау – маркетингтік стратегияның жоспарларын және тиісті түзету әрекеттерін жүзеге асыру негізінде алынған өлшеу және талдау.

Стратегиялық жоспарлау. Көптеген фирмалар ресми түрде жоспар жасамай-ақ жұмыс істей береді. Жаңадан ашылған фирмалардың меңгерушілері көптеген мәселелермен айналысып, жоспарлауға уақыт таба алмайды. Аяғынан тік тұрған фирмалардың меңгерушілері осы күнге дейін жоспарсыз да күн көргенбіз, соның тіпті қажеті де жоқ дегенді айтады. Жоспарды қағазға түсіруге уақытын бөлгісі келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай жоспардың пайдасын көруге мүмкіндік бермейтіндей тез өзгеріп отырады. Ондай жоспардың кітап сөресінде шаң басып жата беретінін тілге тиек етеді. Осы және өзге де себептерге байланысты көптеген фирмалар формалды жоспарлауды қолданбайды.

Ал формалды жоспарлаудың пайдасы мол. Медвилл Бранч оның пайдалы жақтарын былай көрсетеді:

1. Жоспар құру басшыларды келешекті ойлануға ынталандырады.

2. Ол фирманың іске асыратын шараларын дәлме-дәл реттеуге мүмкіндік береді.

3. Фирма қызметінің көрсеткіштерін кейіннен бақылау үшін белгілеп алуды талап етеді.

4. Фирманы өз міндеттері мен саяси көзқарастарын айқындап алуға мәжбүр етеді.

5. Ол фирманы кездейсоқ өзгерістерге дайындайды.

6. Барлық лауазымды кызметкерлер міндеттерінің өзара байланысын айқындап көрсетеді.

Стратегиялық жоспарлау фирманың мақсатын, мүмкіндіктерін және маркетинг саласындағы сратегиялық сәйкестікті қалыптастыру және қолдауды басқару процесін көрсетеді. Ол фирманың нақты белгіленген бағдарламасына, қосымша мақсаттары мен міндеттерін баяндауға, шаруашылық қоржыны мен өсу сратегиясына сүйенеді.

 


Сурет 13. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері

Фирманың бағдарламасы. Ұйым қоршаған орта шеңберінде көздегеніне жету үшін әрекет етеді. Фирманың нақты мақсаты немесе бағдарламасы әдетте әуел бастан айқын болады. Алайда уақыт өтіп, ұйым өскен сайын, тауарлар мен нарықтардың саны көбейеді, сонда оның бағдарламасы да бұрынғы айқындылығынан айырылуы мүмкін. Бағдарлама басшылардың бір бөлігін бұрынғыдай қызықтырмауы да мүмкін. Тіпті айқындылығын сақтай отырып, ортаның бүгінгі жағдайына сәйкес келмеуі де ықтимал.

Жан-жақты зерттеуден өткен бағдарламалық мәлімдеме фирма қызметкерлеріне ашылатын мүмкіндіктерді іске асыруға, қатысушы ретінде сезінуге мүмкіндік береді, алдына мақсат қояды, жетістіктерге ынталандырады.

Бағдарламалық мәлімдемеде фирма қызметінің саласы (немесе салалары) анық көрсетілуі тиіс. Қызмет салаларының шекарасын тауарға, технологияларға, клиенттер тобына, олардың мұқтажына немесе бірнеше факторлардың жиынтығына қарай белгілейді. Тауар мен технологиялар түбінде бір ескіреді, ал нарықтың негізгі мұқтажы мен сұраныстары ешқашан өзгермеуі мүмкін. Нарыққа бейімделу тұрғысынан алғанда бағдарламалық мәлімдемеде кәсіпорынның жұмысын тұтынушылардың нақты тобына қызмет көрсету немесе олардың нақты мұқтаждары мен сұраныстарын қанағаттандыру бойынша белгілейді.

 

Нарыққа бейімделудің бағдарламалық мәлімдемесін әзірлегенде басшылар бағдарлама тым кең немесе тым тар ауқымды болмағанын естен шығармауы тиіс.

Фирманың мақсаттары мен міндеттері. Фирманың бағдарламасында басшылардың әрбір сатысы үшін олардың қосымша міндеттері мен мақсаттары тізіліп көрсетілуі тиіс.Әрбір меңгерушінің алдында өзі жауап беретін міндеттер қойылуы керек. Бұл жүйені міндеттерді шешу әдісімен басқару деп атайды.

Пайданы қолда бар тауардың өтімділігін өсіру, күнделікті шығынды азайту арқылы немесе біріншіні де, екіншіні де қолдану арқылы көтеруге болады. Тауар өткізуді отандық нарықтың анағұрлым үлкен бөлігін қамту немесе жаңа шетелдік нарықтарға шығу арқылы өсіруге болады. Осы жағдайлар фирманың маркетинг саласындағы ағымды міндеттеріне айналады.

Осы маркетингтік міндеттерді шешу үшін маркетингтің тиісті стратегиясын әзірлеу қажет. Отандық нарықтағы өз бөлігін кеңейту үшін фирма тауардың арзан болуын қамтамасыз етіп, ынталандыруды жеделдетумен айналысады. Жаңа шетелдік нарықтарға шығу үшін ол бағаны төмендетіп, өз күшін ірі фирмаларға жұмылдырады.

Әрбір маркетингтік стратегияны егжей-тегжейлі жазып шығу қажет. Мысалы, тауар өткізуді ынталандыруды күшейту, жарнаманы үдете түсу және сатушылар санын көбейту талап етіледі. Біріншісіне де, екіншісіне де жеке толық талданған стратегиялар қажет. Сөйтіп, фирманың бағдарламасы белгілі бір кезеңге жоспарланған нақты міндеттердің тізбесіне айналады.

Шаруашылық қоржынын толтыру жоспары. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі құралы фирманың шаруашылық (қоржынын) талдау болып табылады. Фирма басшылары осы қоржынның жағдайына, яғни фирма құрамына кіретін өндірістердің жағдайына баға береді. Мұнда «өндіріс» деп фирманның бөлімшесі, тауар ассортименті, тіпті бір қарапайым немесе бірнеше маркалы тауар аталуы мүмкін.

Мұндай талдау табысты және табысы аз өндірістерді айқындап, әрқайсысы жайында бөлек шешім қабылдауды қажет етеді: Фирма негізгі қаражатын табысты өндіріске салып, ал әлсіз өндірістерге қаржы жұмсауды тоқтатуға немесе қысқартуға тырысады. Ол өзінің шаруашылық қоржынын сол қалпында сақтап, дамып келе жатқан өндірістерін нығайтуға немесе толықтыруға тырысуы мүмкін.

Фирманың өсу стратегиясы. Өндіріске баға берумен қоса алғанда, стратегиялық жоспарлау болашақта фирма қандай өндірістер ашып, қандай салаларға аз күшін бағыттауға тиіс екендігін анықтауға міндетті.

Өсу стратегиясын үш деңгейде жүргізілген талдау негізінде әзірлеуге болады.

Бірінші деңгейде қызметінің бүгінгі ауқымдағы мүмкіндіктерін анықтайды (қарқынды өсу мүмкіндігі).

Екінші деңгейде саладағы маркетингтік жүйенің өзге элеметтерімен бірігу мүмкіндіктерін айқындайды (интеграциялық өсу мүмкіндіктері).

Үшінші деңгейде саладан тыс мүмкіндіктерді анықтайды (диверсификациялық өсу мүмкіндіктері, диверсификация – өнім мен қызмет түрлері мен атауларының санын көбейту).

Үш бағыттың әрқайсысы бойынша өсу мүмкіндіктері 9 суретте көрсетілген.

 

Қарқынды өсу Интеграциялық өсу Диверсификациялық өсу
Нарыққа терең ену Кері интеграция Концентрлік диверсификация
Нарық шеңберін кеңейту Прогрессивті интеграция Көлденең диверсификация
Тауарды жетілдіру Көлденең интеграция Конгломерат диверсификация

 

Сурет 14. Өсу мүмкіндіктерінің негізгі бағыттары

Қарқынды өсу. Фирма бүгінгі тауары мен нарықтарына тән мүмкіндіктерді толық пайдаланбаған жағдайда қарқынды өсу орынды.

1. Нарыққа терең ену – фирманың анағұрлым агрессивті маркетинг арқылы қазіргі нарықтарда өзінің қолында бар тауарларын өткізуді арттыру жолдарын іздестіруі.

2. Нарық шеңберін кеңейту – фирманың бүгінгі тауарларын жаңа нарықтарға шығару арқылы тауар өткізуді арттыруға ұмтылысы.

 

3. Тауарды жетілдіру – қазіргі нарықтарға арналған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды шығару арқылы тауар көбейтуге бағытталған фирманың қадамдары.

Интеграциялық өсу. Интеграциялық өсу – қызмет саласының негізгі батыл бағыты және (немесе) фирма сала шеңберінде алға, кері немесе көлденең жылжу арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндігі болғанда, ол өзін-өзі ақтайды.

1. Регрессивті (кері) интеграция – фирманың өз жеткізушілерін қатаң бақылауға немесе кепілдік алуға бағытталған қадамдары.

2. Прогрессивтік (озық) интеграция – фирманың бөлу жүйесін неғұрлым толық басып алуға бағытталған қадамдары.

3. Көлденең интеграция – фирманың бәсекелесуші бірқатар кәсіпорындарды неғұрлым толық бақылауға немесе иелігіне алуға бағытталған қадамдары.

Диверсификациялық өсу. Егер салалар фирмаға одан әрі дамуына мүмкіндік бермесе немесе осы саладан тыс салаларда өсу мүмкіндіктері неғұрлым тартымды болса, онда диверсификациялық өсу өзін-өзі айқындайды. Диверсификация дегеніміз – фирмаға кез келген мүмкіндікті пайдалануға ұмтылуы ушін қажет іс-шара. Компания жинықтаған тәжірибесін қолдануға мүмкіндік беретін немесе өзіне тән кемшіліктерді жоюға ықпал ететін бағыт іздеуі тиіс.

1. Концентірлік диверсификация – фирманың бүгінгі тауар номенклатурасын техника және маркетинг жағынан ұйқас бұйымдармен толықтыру. Әдетте, бұл бұйымдар клиенттердің жаңа тобының назарын аударады.

2. Көлденең диверсификация – ассортиментті бүгінгі таңда шығарылып жатқан бұйымдарға мүлдем қатысы жоқ, алайда клиентураның қызығушылығын туғызатын тауарлармен толықтыру.

3. Конгломерат диверсификациясы – ассортиментті фирма қолданатын технологияға, оның бүгінгі тауарлары мен нарықтарына қатысы жоқ бұйымдармен толықтыру.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1797. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия