О Н Ы Н Ш Ы Б А П
Оныншы бап қосымша біріктіруші һамза, س және ت әріптерінің көмегімен жасалады: اِسْتَفْعَلَ يَسْتَفْعِلُ, масдары اِسْتِفْعَالٌ. Бұл бап мынадай жағдайларда жұмсалады: 1) түбір сөзді (етістікті) талап ету: اِسْتَخْرَجْتُ زَيْدًا мен Зәйдтың шығуын (خُرُوجٌ) талап еттім 2) қандай да бір сапаның бар екендігін көрсету: اِسْتَعْظَمْتُ زَيْدًا мен Зәйдты үлкен деп білдім. 3) фаъилдың түбір сөзге (етістікке) айналуы: اِسْتَحْجَرَ الطِّينُ топырақ тасқа айналды (حَخَرٌ). 4) فَعَلَ мағынасында: اسْتَقَرَّ قَرَّ мағынасында қолданылған. Қағида: егер бұл бапта бірінші түбір әріптің орнында ط әрпі тұрса, онда ت әрпін түсіруге болады. Құранда: فَمَسْطَاعُوا تَسْطِعْ عَلَيْهِ صَبْرًا кездеседі. Сахих: اسْتَنْسَخَ يَسْتَنْسِخُ масдары اسْتِنْسَاخٌ көшіру, көбейту. Музаъаф: اسْتَحَبَّ يَسْتَحِبُّ масдары اسْتِحْبَابٌ бір кісіні досым деп есептеу. Мисал و;: اسْتَوْجَبَ يَسْتَوجِبُ масдары اسْتِيْجَابٌ қажетті болу. Мисал ـيـ;: اسْتَيْسَرَ يَسْتَسْسِرُ масдары اسْتِيْسَارٌ жкеңіл, мүмкін болу. Ажваф و;: اِسْتَجَابَ يَسْتَجِيْبُ масдары اِسْتِيْجَابَةٌ назар аудару (жалынышқа), жауап беру (зарға). Ажваф ـيـ;: اِسْتَبَاعَ يَسْتَبِيعُ масдары اِسْتِبَاعَةٌ сатуды талап ету. Нақис: اِسْتَهْدَي يَسْتَهْدِي масдары اِسْتِهْدَاءٌ жол көрсетуді сұрау. Лафиф و;: اِسْتَهْوَي يَسْتَهْوِي масдары اِسْتِهْوَاءٌ жолдан шығу; көңіл қалдыру, арбау, азғыру. Лафиф ـيـ;: اِسْتَحْيَى يَسْتَحْيِى масдары اِسْتِحْيَاءٌ ұялу. Кейбір арабтар اِسْتَحْيَى يَسْتَحْيِى етістігінде бір ـيـ әрпін түсіреді: اِسْتَحَى يَسْتَحِى және барлық сөзжасамдарда бір ـيـ әрпін түсіреді. Құранда айтылады (Бақара-26): أِنَّ اَللَّهَ لا يَسْتَحْيىِ Мултавий: اِسْتَوْفَى يَسْتَوْفِى масдары اِسْتِيْفَاءٌ барлық хұқтарды алу. О Н Б І Р І Н Ш І Б А П Он бірінші бап қосымша біріктіруші һамза, ع және و әріптерінің көмегімен жасалады: اِفْعَوْعَلَ يَفْعَوْعِلُ, масдарыاِفْعِيعَالٌ, ол негізінде اِفْعِوْعَالٌ болған. Бұл бап асыра көрсету үшін жұмсалады. Сахих: اِحْدَوْدَبَ يَحْدَوْدِبُ масдары اِحْدِيْدَابٌ қатты бүкір болу. اِحْدَوْدَبَ يَحْدَوْدِبُ مُحْدَوْدِبٌ مُحْدَوْدَبٌ لَم يَحْدَوْدِبْ لا يَحْدَوْدِبُ اِحْدَوْدِبْ لِيَحْدَوْدِبْ لا تَحْدَوْدِبْ مُحْدَوْدَبٌ. Нақис: اِعْرَوْرَى يَعْرَوْرِى масдары اِعْرِيرَاءٌ негізіндеاِعْرِوْرَايٌ атқа аяқпен ер салу. Бұл бапта сахих пен нақистан басқа жіктелу жоқ.
|